ХОК Ресей Олимпиада комитетінің жұмысын уақытша тоқтатты

1259
Adyrna.kz Telegram
Фото: REUTERS / SCANPIX
Фото: REUTERS / SCANPIX

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей Олимпиада комитетін Украинаның аннексияланған аймақтарының құрылымдарын қосқаны үшін уақытша тоқтатты. Бұл туралы Euronews жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресей Олимпиада комитеті бұл «саяси» шешімді айыптады. Ал Украина РОК қызметінің тоқтатылуын құптайды.

ХОК Ресей Олимпиада комитетінің жұмысын келесі ескертуге дейін тоқтатты. Ұйым Украинаның аннексияланған аумақтары - ДХР, ЛПР, Херсон және Запорожье облыстары деп аталатын облыстардың өкілдерін РОК құрамына қосу Олимпиада хартиясын бұзады деп мәлімдеді.

Ресей Олимпиада комитеті ХОК-тан қаржы ала алмайды және ұлттық Олимпиада комитетінің функцияларын орындай алмайды.

Пікірлер