Астанада ер адам өзінің танысын өлтіруге тапсырыс бергені айтылды

1608
Adyrna.kz Telegram
Фото: bbc.com
Фото: bbc.com

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің айтуынша, ер адам өзінің танысын өлтіруге киллер жалдаған.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктілер Астана - Көкшетау тас жолында ұсталды.

«Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді»,— деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер