Сәкен Майғазиев Түркістан облысында жол апатына ұшырағанын айтты

1832
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ашық дереккөз
Сурет: ашық дереккөз

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев Түркістан облысында жол апатына ұшырағанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бір Алла қақты. Әсіресе ана машинаны қаққан екен. Бағанаға ұрмай Құдай сақтады. Сарыағашқа келе жатыр едік, осындай жағдай орын алды. Бәрі жақсы болсын енді. Бір Алла сақтады, жолда сақ болыңыздар»,—деп жазды өнер иесі.

Әнші өзінің дін аман екенін жеткізіп, көпшілікті көлікті асықпай айдауға шақырды.

«Асықпаңыздар, жол тар, машина көп. Басып озамыз деп осындай жағдай орын алды. Аллаға шүкір, аман қалғанымызға, жарақат алмағанымызға…Ең бастысы аманбыз»,—деді ол.

 

Пікірлер