Анкарада Д.А.Қонаевтың 111 жылдығына арналған «Бабалар аманаты» кітабының тұсаукесері өтті

1507
Adyrna.kz Telegram
фото: Ержан Уәйіс
фото: Ержан Уәйіс

Анадолы елінің астанасы Анкара қаласында Түрік Республикасының 100 жылдығы, ТүрікСОИ ұйымының 30 жылдығына орай Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 111 жылдығына арналған «Бабалар аманаты» кітабының тұсаукесер шарасы өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Аталған шараны Түркиядағы Қазақ елшісі Еркебұлан Сәпиев, ТүрікСОИ басшысы Сұлтан Раев ұйымдастырды.

Жиында ТүрікСОИ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақ елшілігінің кеңесшісі Мерей Мұқажан, республиканың үздік ұстазы Қанағат Көдеков, Д.Қонаев заманында Қазақ телевизиясының тілшісі болған, Қазақстанның Ыстанбұлдағы алғашқы Бас консулы қызметін атқарған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс Д.Қонаев туралы естеліктермен бөлісті.

Жиын барысында, шығармашылық, көркем еңбекпен айналысатын мұғалімдер және кәсіби суретшілердің туындылары енген «Бабалар аманаты» кітабының тұсауы кесілді. Еңбек Қазақ, Түрік, Орыс, Ағылшын тілдерінде басылып шыққан.

Сондай-ақ «Ұлы дала» РҚБ төрағасы Ғабиден Әділбекұлы Жәкей қор атынан бір топ қатысушыларға Д.Қонаев медалі төс белгісін тапсырып, Сұлтан Раев ұстаз Қанағат Көдековты А.Байтұрсынов медалімен марапаттаған. Бұдан бөлек Халықаралық Д.Қонаев қорының алқа мүшесі, Түркиядағы уәкілі Ержан Уәйс қор президенті Елдар Қонаевтың атынан ТүрікСОИ басшысының орынбасары Сайд Юсуп мырзаға Қазақ шапанын кигізді. Анкарадағы «Көк Ту» Қазақ мәдени орталығының төрайымы Ләззәт Мизалімогулына «Ұлы Дала» республикалық қорының естелік медалі табысталды.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер