Мешітке келген астаналық тұрғын 800 мың тұратын аяқ киімді ұрлап кеткен

2032
Adyrna.kz Telegram
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Елорда мешітінде тұрғын өзінің ескі аяқ киімін тастап 800 мың тұратын аяқ киімді киіп кеткен. Полиция қызметкерлері Астана мешітінде аяқ киім ұрлау фактісі бойынша ПБ-ға қала тұрғыны жүгінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

KYN.KZ мәліметінше, аталған іске сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жұма намазына келген жәбірленуші қайтарда кроссовкасын таппай қалғанын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полицейлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен қаланың 27 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адамның түскі сағат 14:00 шамасында Қабанбай батыр даңғылында орналасқан мешітке барғаны белгілі болды. Келушілердің аяқ киімдерінің біріне көзі түскен күдікті, ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, құны 800 мың теңге тұратын Stefano Richi брендінің кроссовкасын киіп кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам өз қылмысын мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер