Бүгін - “тар жол, тайғақ кешкен” Сәкеннің туған күні

4609
Adyrna.kz Telegram
esquire.kz
esquire.kz

Бүгін қазақтың атақты ақыны, жазушы, драматург Сәкен Сейфуллин өмірге келген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сырлы да сырбаз ақын 43 жыл ғұмырында артына өшпес асыл мұра қалдырып кетті.

Ол 1884 жылы 15 қазанда Жезқазған өңірінде туған. Шын есімі - Сәдуақас.

Ақиық ақын өлең жазуды мектеп кезінен бастаған. Қазақтың біртуар ұлының қаламынан «Өткен күндер», «Бақыт жолында», «Асау тұлпар», «Домбыра», «Ақсақ киік», «Ананың хаты», «Бурабай», «Біз», «Біздің жақта», «Қырда» сынды үздік туындылар туды.

Сәкен Сейфуллин әдебиет әлемінде өзіндік кербездігімен, қайталанбас шығармаларымен танымал. Жазушы жайлы ел есінде қалған естеліктер көп. С.Сейфуллиннің туған бауыры Мәжит Сейфуллин де бір сөзінде:

«Сәкеннің жолы – күрес ол. Оның сапалы өмірі ыстық-суығы, дауылы мен толасы аралас, рақаты мен мехнаты алмасқан, аласапыран тартысқа толы өмір еді. Әсіресе 1917-18 жылдардағы оның Ақмоладағы күрес күндері, 1919 жылы Колчактың азап вагонынан қашып шығып, Түркістандағы совет өкіметімен жалғасуы әрбір күні хикая боларлық ұзақ әңгіме...",- деген.

Алашордалықтарға қарағанда, Сәкен Сейфуллин Қазан төңкерісін құптаған болатын.
Сәкеннің Сталинге «Алашорда әлі де қауіпті» атты хаты төл тарихтың қызықты дерегі.
Өмірдің «тар жол, тайғақ кешулерін» бастан кешірген Сәкен Сейфуллин Алаш азаматтарының сотына қатынасқан жоқ. Сондай-ақ ұсталған Алаш арыстарының бірде-біреуіне беттестірілуге шақырылмаған.
Алашордалықтардан “секем” алған Сәкен туралы тарих беттерінде “большевик” деген түсінік қалған.

Ал жазушының “Тар жол, тайғақ кешу” туындысы “дайын тарих” деп бағаланған.
Автор еңбегінде өз сөзіне қарағанда газетке шыққан мақалаларды тұтасымен келтіріп, реплика беріп қоятындай.

Сәкен Сейфуллин Қазақстанның жазушылар одағының негізін қалағандардың бірі. Ол қазақ даласының жазушылары арасында бірінші болып «Трудовое Красное Знамя» орденін алған.

Пікірлер