Сирия Израильді Алеппо әуежайына соққы жасады деп айыптауда

1340
Adyrna.kz Telegram
trip-for-the-soul.ru
trip-for-the-soul.ru

Сирияның Қорғаныс министрлігі Израильді 15 қазанға қараған түні Алеппо әуежайына соққы берді деп айыптауда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Риа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Дамаск пен Алеппоға израильдік зымыран соққыларының салдарынан бейсенбіде Алеппо халықаралық әуежайында ұшу-қону жолақтары зақымданған. Дегенмен 14 қазан күні жұмысын қайта жалғастырған. Ал Дамаск әуежайы әлі жұмыс істемейді. А

"Израильдік жау Жерорта теңізінен, Латакияның батысында, Алеппо халықаралық әуежайына  шабуылын жасаған.  Нәтижесінде әуежайға материалдық шығын келтірілді және қызметі тоқтаған", — делінген ведомство хабарламасында.

Израиль қорғаныс армиясы Алеппо әуежайына соққылар туралы түсініктеме берген жоқ. Алайда Сирия әуежайға жасалған соққы үшін Израиль мемлекетін кінәлап отыр.

Пікірлер