Каспий жағасынан итбалықтар мен бекіренің өлексесі табылды

1355
Adyrna.kz Telegram

Каспий теңізінің жағалауында 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 дана бекіре тұқымдас балықтарды тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Бұл ақпаратты Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Facebook парақшасында хабарлаған.

Комитеттің мәліметінше, 15 қазанда сағат 10:40-та Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданы Баутино ауылының жанынан 25 өлі итбалық пен 33 бекіре тұқымдас балығын тапқан.
Табылған теңіз балықтарының өлекселері әр түрлі дәрежеде ыдыраған, бұл олардың әр уақытта ауланғанын көрсетеді.
Қазір сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің жойылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пікірлер