Шымкентте 5 адамның өліміне себеп болған автобус жүргізушісі сотталды

2389
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/6434296974708472032514.jpg

Шымкентте болған жантүршігерлік жол апатына байланысты сот шешімі шықты. 5 адамның өліміне алып келген автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Юлдашев орын алған іске қатысты кінәсі дәлелденіп келесі үкім шығарылды. Күдікті 5 жылға бас бостандығынан айрылсын»,- деп үкім шығарды судья Жанат Мүсірәлі.
Оған қоса, сот шешіміне сәйкес, Юлдашев 7 жылға көлік тізгіндеу құқығынан айрылды. Күдіктіге 345-баптың 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу» бойынша айып тағылған еді. Айта кетейік, 8 сәуір күні С.Бәйтереков пен Қ.Назарбеков көшесі қиылысында тізгіншісіз автобус 6 адамды қағып кеткен болатын. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал 2 тұрғын ауруханада көз жұмған. Апаттан тірі қалған 18 жасар Дариға Сейдалиева қазір 3 топ мүгедегі. Ол әлі күнге ем қабылдап жатыр.

 «Адырна» ұлттық порталы

Комментарии