"Ұлы дала баласы" жазасын өтеуден де хайп жасап жүр

1237
Adyrna.kz Telegram
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Сот үкімімен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған әнші Төреғали Төреәлі Алматы қаласындағы саябақтардың бірінде жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, әр адам заңға бағынуға міндетті екенін айтты.

«Сот үкімі бойынша мен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылдым. Түске дейін саябақты тазаладық. Бұл – менің Тәуелсіз Қазақстаным, Отаным, елім, жерім. Әлбетте, әнұраны бар, көк туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңға бағынуымыз керек. Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып, тазалап жатыр», – деді Төреғали Төреәлі.

Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге еліткен Т.Төреәлі полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болған еді. Патрульдік полицейлер әншіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткі қабылдағаны расталды. Сол күні Төреәлі әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын

Ал 22 қыркүйек күні Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты әншіні екінші құқықбұзушылық бойынша жазаға тартты. Оған 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалғанын жазған едік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от (@toregalitoreali)

 «Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер