Министрлік бұрынғы орган қызметкерлері отыратын түрмеде болған кісі өліміне қатыс тың дерек айтты

1597
Adyrna.kz Telegram

Семейдегі колонияда жазасын өтеп жатқан бұрынғы қауіпсіздік қызметкерін өлтіруде «қайрақ» қолданылған, деп хабарлайды "Адырна" порталы ҚР Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха.

«Ол жерде жанжал орын алды. Иә, шынымен де кісі өлтіру болды, оның (кісі өлтірген адам) қайрағышы бар еді, өкінішке қарай, өткір затты жасады. Бұл біздің қызметкерлердің немқұрайлығы екені анық. Біз бейнебақылауды қарап жатырмыз. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біздің қызметкерлер жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта бұл мекемені тексеру жалғасуда», - деді Лепеха сейсенбідегі үкімет брифингінде.

Еске сала кетейік,  16 қазанда Абай облысындағы бұрынғы тәртіп сақшыларына арналған колонияда сотталғандардың бірі пышақталып өлтірілгенін хабарлаған болатын. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер