«Намаз оқитын жігіт. Көршіміз». Отырарда 5-6 бүлдіршінді зорлады деген күдікті қамалды

2895
Adyrna.kz Telegram
фото: Егемен Қазақстан
фото: Егемен Қазақстан

Түркістан облысы, Отырар ауданында 5-6 бүлдіршінді зорлады деген 1990 жылғы күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Оңғар Қабден телеграм арнасына видео жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Кеше обедте естідім. Осы жаз айында зорлық-зомбылық жасаған көршім, ағайыным. Больницаға апарып тексерттім, айдан-анық көрініп тұр. Менің талап ететінім мұны экспертизаға жіберу керек. Азаңнан, кеше түннен бері жүрмін. Әлі бір адамды тергемеді. Бұл жерде жалғыз мен емес, бірнеше қызды зорлық-зомбылық көрсеткені айдан-анық боп тұр. Дәрігерлерге апарып көрсеттім, жоғарыға апаратын мүмкіншілігім болмай, таныс дәрігеріме апарып көрсеттім. Алдымен көзім анық жетсін дедім. Көзім жетіп болғаннан кейін барып, айтып отырмын сіздерге. РОВД шақырып кешелі бері осы жерде әлі тұрмын. Қимылдап жатқан тергеушілер жоқ. Бір адамды бірнеше сағат әлі тергеп жатыр», - дейді жәбірленушінің анасы.

Ата-аналардың сөзінше, жәбірленуші қыздардың жас шамасы 7 жас, 10 жас. «Бәрі қатарлас» дейді.

Сондай-ақ қазір зорлық-зомбылық көрген қыз саны үшеу. Әлі белгісіз боп тұрған үш қыз бар. Олар дәрігерге әлі бармаған.

Журналистің аналар тарапына «Мектеп директоры, психолог көмек көрсетті ме?» деген сауалына бір ауыздан «жоқ» деген жауап берілді.

«Жоқ. Кеше түнде мен сағат 3-те РОВД-дан шықтым. Сол кезде директор, тәрбие завучы, психолог үшеуі ғана тұрды. Олар тек «апарып тастайын ба, жеткізіп тастайын ба?» деумен болды. Таңнан бері мен директорды да, район бастығын да, тәрбие жөніндегіні де, ешқандай басшыны көрген жоқпын, біреуі келіп менімен тілдескен жоқ», - деді жәбірленушінің анасы.

Сонымен бірге журналист полиция басқармасына кіріп шыққан. Полиция басқармасында Түркістан облыстық тергеу тобы құрылып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек әлі анықталмаған үш күдікті бар.

Белгілі болғандай, күдікті Түркістан облысы, Отырар ауданының тұрғыны.

«1990 жылғы азамат. Үйленіп ажырасқан. Бес уақыт намаз оқып жүрген жігіт. Оны білмейміз. Осы уақытқа дейін дым болмағандай жүрді. Ешқандай күдік болған жоқ. «Тем более» ағайынымыз., көршіміз. Бір ауылда тұратын жігіт», - деп атап өтті қыздың анасының бірі.

Қазір Облыс департаментінен тергеу тобы құрылып, тергеу жүріп жатыр. Енді экспертиза бір емес бірнешеуі тағайындалып, 10 күннің ішінде жылдам жасалуы керек. Ата-аналардың талап етіп отырғаны Құрметті Түркістан облысының әкімі, Отырар ауданының әкімі ата-аналардың жан-айқайын естіп, экспертизаға бүгін жеткізілсе. Бұларға да психолог керек. «Тас түскен жеріне ауыр». Түсініп тұрмын. Бүлдіршін болашағымыз. Осындай іс-әрекеттің болғаны жанымызға батып тұр», - деді журналист.

Оқиға кейіпкерлерінің анасына жоғарыда аталғандардан бөлек, дәрігер тарапынан да ешқандай көмек көрсетілмеген.

«Мен кеше осы жерде болдым. Бәріне куәгер. Осы жерде бір өліп, бір тірілдім. Менің кешелі бері денсаулығым болмай жатыр. Давлением түспей жатыр, аяқ-қолым құрысып қалды. Больницадағылар да көмектесіп жатқан жоқ. Біз бәрін ойдан шығарып жатқан жоқпыз. Менің айтарым, бүгін бәрін тексеру керек, көз жеткізу керек», - дейді жәбірленушілердің анасы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер