Іс қозғалды. Қырғызстанда кәмелетке толмаған қызға неке оқыған имам қамалды

1707
Adyrna.kz Telegram
Сурет: vesti.kg
Сурет: vesti.kg

Қырғызстанның Ыстықата ауданында кәмелетке толмаған қызға неке оқыған имам қамалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі vesti.kg-ға сілтеме жасап.

Ыстықата аудандық балалар мен жасөспірімдер ісі жөніндегі басқарманың балалар инспекциясының қызметкерлері 52 жастағы имамның ұсталғанын мәлімдеді. Ол 21 жастағы ер адам мен 15 жастағы қыз баланың некесін қиған.

Аталған факті бойынша Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабы (Діни рәсімдерді орындау кезінде неке жасын белгілеу туралы заңнаманы бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Пікірлер