«Қазақ тілі – мәмбеттердің тілі». Қазнетте алматылық бойжеткеннің видеосы қызу талқылануда

2639
Adyrna.kz Telegram

Қазақ тілін «мәмбеттердің тілі» деп атаған алматылық бойжеткеннің бейнежазбасы қазнетте қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Маған қазақ тілі ұнамайды. Шыны керек, ол — «мәмбеттердің тілі». Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға келуде. Соның салдарынан кептеліс болып жатыр. Мен өзім Алматыданмын»,—деді ару.

Желі қолданушылары бейнежазбаға қатысты түрлі пікір білдірді.

«Тілдің қадірін білмеген адамды қатаң жазалау керек», «Азаматтығынан айыру қажет қой», «Масқара»,—деп жазды олар.

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады»,—деп түсіндірді басқарма.

Пікірлер