Бұрынғы министрдің ұсталғаны хабарланды

1302
Adyrna.kz Telegram
фото: Tengrinews.kz
фото: Tengrinews.kz

Антикор мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді», – делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер