Ресейдің әскери-көлік ұшағы Тәжікстанда толығымен өртеніп кетті

1420
Adyrna.kz Telegram
Анна Майорова © URA.RU
Анна Майорова © URA.RU

Ресейдің Ил-76 әскери-көлік ұшағы Душанбедегі Гиссар аэродромынан ұшып шыққан кезде өртенді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Мoscowtimes ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөз бойынша, ұшақ жылдамдық ала бастаған кезде дөңгелегі жарылып, одан кейін бірден өрт шыққан. Экипаж мүшелері борттан уақытында шығып, ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта ұшақ бортында жолаушылар бар-жоғы нақтылануда. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бортта 8 адам болған.

Ұшқыштар ұшу кезінде қозғалтқыштардың бірінде температураның жоғарылағанын байқаған.  Көтерілу кезінде өрт болды, оған экипаж бірден жанармай тастау, бұрылу және апаттық қону туралы шешім қабылдады.  Әуе кемесі ұшу-қону жолағынан шығып, толығымен өртеніп кетті.

Пікірлер