Түркістанда бес жастағы бүлдіршінді балабақша көлігі қағып кетті

1600
Adyrna.kz Telegram

Түркістанда балабақша көлігі бес жастағы бүлдіршінді басып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 20 қазан күні сағат 17:32-де болған. Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды.

"Кеше кешкісін баланы развозканың көлігі балабақшадан әкеп тастаған. Әкелгеннен кейін бала түсіп, әдетте көліктің алдынан өтетін. Көліктің есігі жабылғаннан кейін 5-10 секундқа жетпей, көлік ары қарай жүріп кеткен. Дәл алдындағы баланы мыжып өткен. Біраз жүргеннен кейін көлікті көршілер тоқтатқан. Ол кезде бала жан тапсырған. 2,5 тонналық көлік үстінен өтіп кеткен", – дейді баланың туысы.

Жүргізушінің баланы қаққан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Көршілерінің көлікті қалай тоқтатқанын көруге болады. Әкімдік хабарламасында:

"Аталған факт 20 қазан күні ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігінде көрсетілген (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян әкеп соққан) қылмыстық құқықбұзушылық белгілермен сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген.

Пікірлер