2025 жылға қарай 41 ауылдық елді-мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі - министр

1267
Adyrna.kz Telegram

Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылға қарай 41 ауылдың 22 мыңнан астам тұрғынын  сапалы ауыз сумен қамтамазыщ етуді жоспарлауда. Бұл туралы аталған министрлік мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Су ресурстары және ирригация министрлігі топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, оның шеңберінде 22 мыңнан астам адам тұратын 41 ауылдық елдімекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделген. 

Аталған елді мекендердің 35-і Солтүстік Қазақстан облысында, 3 – і Ақмола облысында, 3 – і Қызылорда облысында орналасқан.

2025 жылға қарай 41 ауылдық елдімекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және 52 ауылдық елдімекенді сумен жабдықтауды жақсарту үшін шамамен 1200 км топтық су құбырларын салу жоспарлануда, онда барлығы 55 мыңнан астам адам тұрады,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер