Газа секторында Қазақстан азаматы қаза болғаны хабарланды

1649
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ahmad Hasaballah/Getty Images
Фото: Ahmad Hasaballah/Getty Images

Газа секторында Қазақстан азаматы қаза болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке орай, онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да қайтыс болды.

Отандасымыз  Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрды,- делінген хабарламада.

Қазақстан елшілігінің мәліметінше, Израильде консулдық есепте тұрмайтын 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін.

Пікірлер