Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

7665
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен A&A : IT- SERVICES & EDUCATION жастар қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Зияткерлік мектебінің директоры Виктор Сосин мен жастар қоғамдық бірлестігінің директоры Қуаныш Капановтың кездесуі NIS қабырғасында өтті.

Меморандумның мақсаты «Мәңгілік ел» құндылығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде оқыту мен тәрбиені біріктіретін біртұтас білім беру үрдісін жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді әлеуметтік жобасы аясында  тараптар арасында серіктестік орнату болып табылады.

Биылғы жылы «JARYQ» жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба бойынша Зияткерлік мектебінің оқушылары Брайль шрифтін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде үйренуге арналған көмекші құрылғыны құрастыруды, зағип жандарға арналған аудиокітап жазуды (пәндік оқулықтар, әдеби кітаптар), білім алуға арналған онлайн сайт ашуды көздеп отыр.

 Менің ойымша адам қандай болса да, әр адамның өзгелермен қатар дамып, бақытты болуына құқығы бар. Мен тек өзгелерге шын ниетпен, риясыз қызмет еткім келеді. Біздің мектеп оқушыларына да соны дәріптеп көмектесуді ұстанамын. Сондықтан осы жобаны қолға алып, өзге де қатысушылармен бірге игі іс атқаруға бел будық, — деп 12-сынып оқушысы және "Jaryq" әлеуметтік жобасының президенті Айгуль Макетаева пікірін білдірді.

Пікірлер