БҚО-да студент жатақхананың сегізінші қабатынан секіріп кеткен

1255
Adyrna.kz Telegram

Оралда студент қыз сегізінші қабаттан секіріп кеткен. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, оқиға 21 қазан күні болған.

Сағат 13.20 шамасында 1 курста оқитын 17 жастағы қыз жатақхананың 8-қабатынан секіріп кеткен. Салдарынан ауыр жарақат алған студент Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша Орал қаласы полиция басқармасының Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігіне сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу бастады, – делінген полиция хабарламасында. 

Ал БҚО денсаулық сақтау басқармасы сағат 13.40-та Ж.Досмұхамедов көшесі бойындағы жатақханадан облыстық жедел жәрдем станциясына қоңырау түскенін хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер