Ядролық орталыққа әл-Фараби атындағы мемсыйлық бұйырды

1298
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз қазақстандыққа Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты табыс етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сонымен, Мемлекет басшысының Жарлығымен «Атом энергетикасы саласын құру және іске асыру жөніндегі әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар» тақырыбындағы жұмысы үшін әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2023 жылғы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстан Республикасының көміртекті бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 110 қаулысымен марапатталды:

1. Батырбеков Ерлан Ғадлетұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры;

2. Бакланов Виктор Владимирович – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК жанындағы «Атом энергиясы институты» РМК филиалы директорының бірінші орынбасары;

3. Витюк Владимир Анатольевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары;

4. Денис Борисович Зарва – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас инженерінің орынбасары;

5. Қоянбаев Ерболат Тайтөлеуұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК жанындағы «Атом энергиясы институты» РМК филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары;

6. Сқақов Мажын Қанапынұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК РМК бас ғылыми қызметкері;

7. Тәжібаева Ирина Лашқарқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК жанындағы «Атом энергиясы институты» филиалының бас ғылыми қызметкері;

8. Чектібаев Бауыржан Жамбулұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК РМК «Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің бастығы.

Пікірлер