Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылары тергеуге алынды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылығының қазандықтарды күрделі жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырған.Қазіргі кезде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылары тергеуге алынды. Олар алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырған. Осылайша мемлекетке аса ірі көлемде - 4,1 млрд теңгеге залал келтіргені үшіп айыпталып отыр.
Тергеу материалдарына сәйкес, жөндеу жұмыстарына арналған қаражат жүйелі түрде ұрланған.
2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісімшарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған, - делінген ресми хабарламада.
Тергеу барысында Риддер қаласындағы жылу энергиясын өндіру станциясын мемлекет меншігіне беруден келген шығын өтелді. Оның көлемі шамамен 5,5 млрд теңгені құрайды.