Тоқаев Назарбаевтың “тарихи рөлі” жайлы айтты

1699
Adyrna.kz Telegram
Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “тарихи рөлі” жайлы айтты. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент тарихи әділдік жолын берік ұстануымыз керегін айтты.

«Біз қазір Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан өткен заманның қайраткерлеріне, олардың еңбегіне лайықты, әділетті баға беріп отыруымыз керек.

Азаттық жылнамасында Салық Зиманов, Серікболсын Әбділдин, Қаратай Тұрысов, Зинаида Федотова, Ерік Асанбаев, Әбіш Кекілбаев, Ғайрат Сапарғалиев, Сұлтан Сартаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Олжас Сүлейменов, Александр Княгинин, Мырзатай Жолдасбеков, Өмірбек Байгелді, Қуаныш Сұлтанов, Сергей Терещенко және тағы басқа көптеген тұлғаның есімін құрметпен атап өту керек.

Елін сүйген ерлердің отаншылдығы және олардың ұлт мүддесіне адалдығы әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс.

Біз тарихи әділдік жолын берік ұстануымыз керек. Осы орайда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өткен жөн. Себебі ол еліміздің Тәуелсіз мемлекет атанып, тұғырын бекемдеуге орасан зор еңбек сіңірді», деді Тоқаев.

Пікірлер