Азия пара ойындары. Нұрдәулет Жұмағали жүзуден чемпион атанды

2870
Adyrna.kz Telegram
Фото: Paralympics.kz
Фото: Paralympics.kz

Азия пара ойындарында ерлер арасында 100 м қашықтықты брасс стилімен жүзіп өту жарысында қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның уақыт көрсеткіші 1: 05.92.

Нұрдәулетті Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Спортшыларды даярлаумен айналысқан жаттықтырушылардың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қалған жарыс күндерінде біздің құрамаға сәттілік тілеймін, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін спортшыларымыз төрт алтын жүлдені жеңіп алған еді. Оның үшеуін парадзюдошыларымыз иеленді. Ал осы жолы суға жүзуден өткен жарыста Нұрдәулет Жұмағали 1 минут 05.92 секундтта 100 метрді брасс стилімен жүзіп өтті. Сыннан сүрінбеді.

Параазиадада басқа алтын жүлдені пара дзюдодан 73 кг салмақта өнер көрсеткен Олжас Оразәліұлы (J2 санаты), Ерғали Шамей, Ақмарал Науатбек мен пауэрлифтер Давид Дегтярев жеңіп алды.

Пікірлер