25 қазан интернет өшірілмейді - Ішкі істер министрлігі

1418
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

25 қазан күні интернет өшірілмейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Zakon.kz порталына сілтеп.

Әлеуметтік желіде 25 қазан күні интернет өшіріледі деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты таратқан авторды іздеуде.

Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздестіру бойынша шаралар қабылдап жатыр. ҚР ІІМ азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді, - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, 2023 жылы 17 қазанда әлеуметтік желіде полиция көліктерінің колоннасы түсірілген видео тарады.

Қазақстанның құқық қорғау органдары 25 қазандағы митингіге дайындалып жатқанын айтады. Бұл қауесеттерге ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха түсініктеме берді. Ол ел аумағында қызметі заңсыз "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының мүшелері көпті митингіге шығуға шақыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ІІМ ҚДТ мүшелеріне елімізде митингі өткізуіне рұқсат бермейді.

Пікірлер