"Ұлттық дәстүр" және "Дін" конференциясына асығыңыздар

1363
Adyrna.kz Telegram

24 мамыр күні сағат 11:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Тарихтан тағылым: ұлттық дәстүр және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Аталған конференция ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант негізінде «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында өтеді.
Конференцияның мақсаты – тарихи мысалдар негізінде зайырлы қоғам ұғым-түсініктерін насихаттау, рухани құндылықтар арқылы діни- экстримистік ағымдарға қарсы тұру мәселелерін талқылау.
Өтетін орын: Алматы қаласы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Абай даңғылы 14. Өтетін уақыт: 24 мамыр, 2019 жыл.
Басталуы: сағ. 11:00.
Email: adyrna@bk.ru
Қосымша байланыс: Бейбіт Нәлібай +77472710895

Пікірлер