Астана әуежайының жүк тасушылары 27 мың долларға жуық қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

1391
Adyrna.kz Telegram

Астана әуежайының бұрынғы қызметкерлері 27 мың долларға жуық ақшаны ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Көлік полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Көлік полициясы қызметкерлері көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен әуе айлағында жүк тиеуші болып жұмыс істеген алты адамнан тұратын топ ұсталды», - делінген хабарламада.

Тамыз айында Астана-Стамбул рейсінің жолаушысы чемоданынан 19 мың доллар жоғалтса, Астана-Дубай рейсінің жолаушысы да 7800 долларынан айырылғанын мәлімдеген.

Көліктегі полиция департаменті соңғы уақытта Астана әуежайында қолма-қол ақшаны, алтын бұйымдарды және басқа да құнды заттарды ұрлаумен чемодандарды рұқсатсыз ашу фактілері жиілеп кеткенін атап өтті.

«Ұсталғандар кінәларын мойындады, ақшаның бір бөлігі тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - делінген хабарламада.

 

Пікірлер