Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

2370
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-25_115410050.png
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Ақорда резиденциясының алдында өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды. Салтанатты шара ұлттық мереке – Республика күнін мерекелеудің ресми бастауын берді. Мемлекеттік туды көтеру рәсімі Қазақстанның барлық аймақтарында өтеді.
Комментарии