“Елімнің ақ пейілінен биік құрмет жоқ”. Димаш бала кезінде “халық әртісі” аталған видеосымен бөлісті (ВИДЕО)

1942
Adyrna.kz Telegram

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Республика күніне орай алған жаңа марапатына қатысты жазбасымен бөлісті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Димаш Құдайберген өзінің желідегі парақшасына 1999 жылы таспаланған видеосын жарияланды. Бейнеде 5 жасар Димаштың халық алдында пианино ойнап отырғанын және жүргізушінің оны "болашақ Қазақстанның халық әртісі" деп атағанын байқауға болады.

"2030 жыл деп ойлаңыздар. Алдарыңызда Қазақстанның халық әртісі Айтбаев Дінмұхаммед Қанатұлы өнер көрсетуде" деп атайды видеода шара жүргізушісі.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген марапат ұсынған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша құттықтап, ізгі тілек білдіріп жатқан қазақстандықтарға алғысын білдірді.

“Ел-жұртымның ақ пейілінен, ыстық ықыласынан артық биік құрмет жоқ” дер едім. Өнерімнің өрлеуі елдің батасынан екенін терең ұғынамын. "Ерім" дейтін ел барда, "елім" дейтін ерлер туады. Қай мемлекетте, қай жерде жүрсем де елімнің абыройы биік болса екен деп тілеймін. Құрметті ағайын, мемлекетіміздің басты мерекесі - “Республика күні” мейрамымен баршаңызды құттықтаймын!
Сонымен бірге жас болсам да бар ниетімен құрмет қылып, марапаттап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына шын жүректен алғыс айтқым келеді!" деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 24 қазан күні президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Оның ішінде "Қазақстанның халық әртісі" марапатын алған Димаш та бар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

 

Пікірлер