Сіздер қай елдің Бас прокуратурасысыздар?

2289
Adyrna.kz Telegram

ҚР Бас прокуроры Нурдаулетов Гизат Дауренбековичке ашық хат.

23.05.19 ж. Блогіңізге шағым қоймақшы болдым. Бірақ қоя алмадым. 115 қызметі көмек көрсете алмағандықтан, басшысы Дуккарт А.В. сөйлескенімде, 3 рет сәлеметсізіме 3 рет «здрасти»! ҚР Бас Прокуратурасының лауазымды қызметінде отыра, қалайша, мемлекеттік тілде амандасқыңыз да келмейді дедім. Жауабы: «Я вас прошу говорит по рюски, это язык межнационального общения»?! Осыған орай: Неліктен Бас Заң, Құқық қадағалау органында, сауатсыз (ҚР заңнамалық нормаларының ешқайсында орыс тілінің ұлтаралық деген статусы жоқ) және бастысы заңды белшесінен басатын адам отыр және жоғарғы лауызымды қызметте? Прокуратура қызметкерлері: «Оның ұлты қазақ емес»). Конституция, заңнамалық нормаларда қазақ еместерге басқа баптар жазылған ба? Твиттерге жазбақшы болсам, ГП РК деп тұр РП мемтілінде, ал осы, ҚР мемтілінде, Қазақ тілінде жоқ! Неге?

Прокуратураның фейсбуктегі парақшасына, ай өтпеді «Қандай масқара, ҚР бас прокуратурасы бола тұра, жазғандарыңыз бірінші орыс, 2-ші ғана қазақ тілінде» деп жазған болатынмын. Түзеген сияқты болатын, бүгін тағы бірнеше жерде бірінші орысша тұр?! Керекудегі ылғи «прокуратура обл., .... слюшает». Сервис мекемелерінен мемлекеттік тілде қызмет тұтына алмай қуылғанда (видеоматериалы бар), «Ол басқа ұлттың адамы» (қала прокурары), еш заң бұзушылық жоқ (обл. , бас прокуротуралар)! Жоғары жазылғандарыма байланысты сұрақ: Сіздер қай елдің Бас прокуратурасысыздар? Егер көрші мемлекеттің қол астында болмасаңыздар, өз қызметтеріңізді сайт, сот, кабинеттеріңіздегі, қоғамдағы, бір сөзбен осы мемлекеттегі, мемлекет заңдарына сәйкес атқаруларыңызды талап етемін! 30 жыл ҚР бола тұра, мемлекет тілі қазақ тілі бола тұра, тым болмаса 300 сөз жаттап алмақ тұр ғой, өзіңді орысшаға мәжбүрлейтін Бас прокуратура қызметкерлерінің, өз лауазымын иеленуге еш моралдық та, заңдық та құқы жоқ! Осыны көретіндіктен, сотқа сүйреленетіндер осы мемлекеттің тілін қорғауға мәжбүр болатындар! Бұл қай елде бар? Керісінше, әр мемлекетте, меморган қорғайды бар жағынан өз мемлекетінің тілін, ал бізді, масқара, өзі-өзінің тілін қорлап/қорлатқызып отырған меморган қызметкерлері сотқа сүйлелеуге септігін тигізіп отыр!

Дәп қазір, республикаға танымал, белгілі тіл жанашыры Жұлдызай Форт сотқа тартылып отыр, сайып келгеннде қазақ тілінде қызмет тұтынғысы келгені үшін, қарсы жақтың жаласымен, полиция қызметкерлерінің қолдауымын! Осы мемлекеттің прокуратурасы болсаңыздар, осы мемлекттің заңын, онымен қорғалған мемлекет тілінің қорғалуын қадағалауыңызды талап етемін!

ҚР Бас прокуроры Гизат інім!

Блогіңізге қоя алмай, Дуккарттарыңыз шектен шығарған соң, ашық хат жазуға мәжбүрмін. Екінші, блог арқылы да, хат арқылы да жауапты беретін өзіңіз емес екені тағы аян. ҚР Бас прокуроры ретінде қазақ БАҚ-тарын оқисыз деп сенемін. Және жауап күтемін.

Құрметпен, Бейсенбай тегі Р.З., Кереку қ.

Пікірлер