Назарбаев Ұлттық мерекемен неге құттықтамады?

1713
Adyrna.kz Telegram
uralskweek.kz
uralskweek.kz

25 қазан - Республика күні Мемлекет бойынша аталып өтті. Алайда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев бой көрсетіп, халықты мерекемен құттықтамады.

Дегенмен, мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім кезінде Тоқаев Назарбаевтың “тарихи рөлі” жайлы айта кетті.

Біз тарихи әділдік жолын берік ұстануымыз керек. Осы орайда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өткен жөн. Себебі ол еліміздің Тәуелсіз мемлекет атанып, тұғырын бекемдеуге орасан зор еңбек сіңірді, деген еді Мемлекет басшысы.

Тұңғыш президенттің сайтынан Назарбаевтың құттықтау сөзін іздедік. Алайда, соңғы жазба 11 маусым күні жарияланған. Ел көзіне ол соңғы Абай облысындағы өрттен қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл білдіргенде шыққан.

Айта кетейік, соңғы кезде Назарбаевқа қатысты атаулар қысқарып жатыр.

Ақпан айы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Бір сөзбен айтқанда, Елбасы туралы заңның ресми түрде күші жойылды.Конституциялық реформа кезінде осы титул Негізге заңнан да алынып тастаған.

Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың сайты өз адресін өзгертті. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сайты осы кезге дейін elbasy.kz аталып келсе, кейіннен nazarbayev.kz деген доменге ие болды.

4 шілде күні Мемлекет басшысы бұрынғы президентке қатысты жаңа заңға қол қойды. Заңда Назарбаевты өз атындағы оқу орындары қамқоршылық кеңесінің басшысы мәртебесінен айыру қарастырылған еді.

Ал 2 күн бұрын Назарбаев кітапханасынан да айырылған еді. Астанадағы тұңғыш президенттің атына берілген Назарбаев кітапханасы енді орталық ретінде жұмыс істейді.

Алайда облыс орталықтарындағы басты көшелер мен әнұранда әлі аты бар.

Сондай-ақ, 1 желтоқсан тұңғыш президент күні ретінде қалды. Бірақ өзі барда қызыл күн болып, дүркіреп тойланатын мереке - қазір жай атаулы күнге айналды.

Пікірлер