Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды - Бас прокуратура

1242
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бас прокуратура Аягөз қаласындағы төрт баланың өмірін жалмаған өртке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұл ақпаратты Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тергеу амалдары басталды. Өрттің не себепті болғаны бәрі анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір сізге өрттің неден болғанын айта алмаймын, - деп жауап берді ол Сенаттың жалпы отырысынан соң кулуарда берген сұхбатында.

Еске салайық, 25 қазанда таңертең Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, 4 баланың мәйіті табылған болатын.

Пікірлер