Қайрат Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды

1224
Adyrna.kz Telegram

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін Қайрат Боранбаевтың жазасының үштен бір бөлігін өтеп, босап шығатыны белгілі болды. Журналистер Бас прокуратура өкілінен кәсіпкердің бостандыққа қашан шығатынын нақтылауын сұрады.

Қазіргі таңда соттың шешімі қабылданды. Соттың шешімі заңды күшіне енген кезде бостандыққа шығады. Қазір нақты қай күні шығатынын айта алмаймын, есімде жоқ. Бірақ соттың шешімі бір апта бұрын қабылданды десек, содан бастап он бес күндей күту керек. Яғни бір аптадан кейін шығуы мүмкін, - деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда берген сұхбатында.

Пікірлер