Мәсімовтің көмекшісі Ербол Орынбаев азаматтығын ауыстырмақшы — БАҚ

1529
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Қаңтар оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің жақын адамдарының бірі Ербол Орынбаев азаматтығын ауыстырады. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Орынбаев қазір АҚШ-та. Ол Америка азаматтығын алуға өтініш беріп үлгерді. Мәсімовтің көптеген алаяқтық әрекетін Орынбаев басқарды деген ақпарат бар»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ербол Орынбаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтің көмекшісі қызметін атқарған еді.

Пікірлер