Президент Кемел Тоқаевтың есімі берілген мектепке барды

1161
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласында биыл ашылған 30 орындық жатақханасы бар Гуманитарлық колледж бен Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Колледжде болашақ педагогтерге «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі» мамандықтары бойынша білім беріледі.

Оқу орнында 17 заманауи аудитория, мәжіліс және спорт залдары, медициналық кабинет, асхана мен буфет бар. Білім беру ошағы инклюзивті орта талаптарына сай жабдықталған, яғни ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандус пен арнайы лифт қойылған.

Сонымен қатар президент Кемел Тоқаев атындағы Үштөбедегі орта мектепті аралап көрді. Білім ошағы 1963 жылы салынған. Мектепке жазушының есімі 1996 жылы берілген.

Мемлекет басшысына қаламгердің шағын кабинет-мұражайы таныстырылды. Мұнда жазушының шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.

Айта кетейік, биыл Кемел Тоқаевтың
100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар еліміздің бірнеше қаласында және Әзірбайжан мен Түркияда атап өтілді. Алайда Қазақстан Президенті ол шаралардың ешқайсысына қатыспаған еді.

Пікірлер