Қаза тапқан кеншілердің есімдері белгілі болды

2043
Adyrna.kz Telegram
фото: іnform.kz
фото: іnform.kz

Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтаның директоры қайтыс болған шахтерлердің алғашқыларының есімдерін атады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Бірінші болып сегіз адамның аты-жөндерін анықтадық. Олар:

Мордасов Виталий Анатольевич;

Югай Александр Викторович;

Адампаев Ерболат Мұратұлы;

Петренко Владимир Ильич;

Сайфутдияров Альберт Рифович», - деп тізіп берді ол.

Оның айтуынша, қалған мәйіттерді анықтау әзірге мүмкін емес.

Соңғы мәліметтер бойынша, Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиға 33 кеншінің өмірін қиды. Тағы 13-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларды іздеу түнге дейін жалғасады.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртауда 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) сенім телефондары жұмыс істейді.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер