Президент көңіл айтқандарға ризашылығын білдірді

1264
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақорданың баспасөз қызметі
фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға көңіл айтқан барлық шет мемлекеттер басшылары мен қазақстандықтарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп. 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Х парақшасында Костенко атындағы шахтадағы жарылыстан қаза болғандардың отбасына, еліміздегі қайғылы оқиғаға орай көңіл айту жеделхатын жолдап, қайғыға ортақ болғандарға алғысын білдірді.
«Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, осынау қиын сәтте жылы лебіздерін жолдап, қолдау көрсеткен мемлекеттер басшыларына, қоғам қайраткерлеріне, азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы.
Пікірлер