Фейк пе, факті ме? Соловей Путиннің қайтыс болғаны туралы айтты

1778
Adyrna.kz Telegram
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Әлеуметтік желіде Ресей президенті Путиннің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Бұл туралы ресейлік сарапшы Валерий Соловей украиналық Гордонға берген сұхбатында айтты.

Ол сұхбат барысында Владимир Путинді 26 қазан сағат 20:40-та қайтыс болды деп айтады.

"Президенттің денесі Валдайдағы резиденциясындағы мұздатқышта. Қазасы туралы бір айдан кейін жарияланады",-деді.

Журналситің "Ол қандай жағдайда қайтыс болды? Сіз азды-көпті білесіз бе?" деген сауалына:

"2019-2020 жылдардың басында оған қатерлі ісік ауруы диагнозы қойылды, ол ауыр және ұзақ ремиссияға ұшырады. 2020 жылдың ақпанында оған израильдік дәрігерлер ота жасап, оның өмір сүру ұзақтығын айтты. Ол түрлі ем қабылдады.Оның емін Израильдік дәрігерлерден басқа еш мемлекет жасай алмайтын еді", - деді ресейлік сарапшы.

Дегенмен, шетелдік 24-ші арна Путиннің қатысуымен 28-ші қазан күні селекторлық жиналыс өткенін хабарлады.

Пікірлер