“Авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде” - ҚР ТЖМ

1086
Adyrna.kz Telegram
ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ

Қарағандыдағы Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеп.

Қазір шахтадағы апаттың салдарынан тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр.

Министрлік өкілінің сөзінше жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр.

“Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда.
Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде.
Авария орнында ашық жану ошақтары жоқ”,-дейді ҚР ТЖМ өкілі.

Сонымен қатар, жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде. Барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.

Пікірлер