"Менің Отаным-Қазақстан" әндер байқауы өтті

945
Adyrna.kz Telegram

Республика күніне орай, мектеп оқушылары арасында әндер байқауы өткізілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Республика күніне орай, Алматы қаласы Алатау ауданының № 182 жалпы білім беретін мектебінде ауданның білім беру ұйымдары білім алушылары арасында музыкалық байқау өтті.

"Менің Отаным-Қазақстан" атты әндер байқауында мектеп оқушылары өз өнерін көрсетті. Мерейлі мерекеге қарсаңында аудан мектептері хор және оркестр номинациясы бойынша бақ сынасты.

Өнерпаз оқушыларымыз өнерге деген ерекше сүйіспеншіліктерін танытып, Отанымызды мақтан етіп әннен шашу шашты.

Пікірлер