«Көрсеткіштердің өсуі – халық әл-ауқатының жақсарғанының белгісі»

1066
Adyrna.kz Telegram
Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz

Ұлттық статистика бюросы Ұлттық санақтар басқармасының басшысы Жанар Ахметова 15 жасқа дейінгі балалар саны айтарлықтай өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Бала туудың жоғарылауы халықтың орташа жасының төмендеуіне әсер етеді. 2021 жылы 15 жасқа дейінгі балалар саны 5,6 миллионға жетті, бұл халықтың 29,4% құрады. 2009 жылы балалардың үлесі 24,1% (3,9 млн адам) болған. Сонымен қатар 65 жастан асқан егде жастағы халықтың үлесі 7,1%-дан 8,2%-ға дейін өсті (1,6 млн адам). Бұл көрсеткіштердің өсуі – халық әл-ауқатының жақсарғанының белгісі, - деді Жанар Ахметова.

 

Пікірлер