Астанада жануармен сауда орталығында жүрген блогер қамауға алынды

1281
Adyrna.kz Telegram
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Астанада «Asia Park» сауда орталығында қоймен қыдырып, автобусқа жануармен бірге кірмек болған блогер қамауға алынды. Полицейлер оның бұл әрекетін бұзақылық деп бағалап, жас жігітті бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Елордалық шопанға да жануарға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұл салынды. Онымен қоса жануар қоғамдық орынды ластағаны үшін 17 мың теңге төлеуге міндеттелді.

 «Блогердің әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелді. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар оған ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша қоғамдық орындарды ластағаны үшін, ӘҚБтК-нің 407-1-бабының 1-бөлігі бойынша жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деп хабарлады Астана полициясы департаменті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер