Түлкібас ауданының прокуратурасы 397,3 млн. теңге мүлікті мемлекетке қайтарды

1339
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Түлкібас ауданының прокуратурасы 397,3 млн. теңге мүлікті мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Түркістан облысының прокуратурасының ақпаратына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы»  Заңының талаптарының сақталуына талдау жүргізіліп, Түлкібас ауданы, Састөбе кентінде орналасқан жалпы құны 397,3 млн. теңге болатын мемлекет теңгеріміндегі «Састөбе кентіндегі ауыз су және кәріз жүйелері» мүліктік кешенін жеке ЖШС-не алдын ала тұрғындардың келісімінсіз заңсыз берілгендігін анықтаған.

Келтірілген наразылықты қарау нәтижесімен Састөбе кенті әкімдігі мен «Састөбе су» ЖШС-гі арасында  22.11.2021ж. №1 «Састөбе кентіндегі ауыз су және кәріз жүйелері» мүліктік кешенін беру туралы келісім-шартының күші жойылып, жалпы құны 397,3 млн. болатын ауыз су және кәріз жүйелері мемлекет теңгеріміне қайтарылды.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер