«АрселорМиттал Теміртаудың» атауы өзгереді

1427
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Үкіметтегі брифинг барысында Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнын мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Министр Үкімет компаниямен ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізгенін атап өтті.

«Біз алдын ала құжаттарға 22 қазанда қол қойдық. Өздеріңіз білетіндей, «АрселорМиттал Темірта» қол қою рәсімі қайғылы оқиғаға дейін болғандығы туралы ақпаратты растады. Келіссөздер тез жүргізілді деп айту дұрыс емес. Алдын ала келісімдер 22 қазанда жасалғанын тағы да қайталап өтемін», - деді ол.

Сарапшылардың айтуынша, Лакшми Миттал Қазақстанның үстінен халықаралық соттарға шағым түсіре алады.

«Бұл жағдайда біз егжей-тегжейлі заң жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы инвестор акционерлер құрамынан шыққаннан кейін Қазақстанды одан әрі сот істерінен қорғау үшін», - деді Шарлапаев.

Сондай-ақ министр компанияның атауы өзгеруі мүмкін екенін мәлім етті.

«Шешім әлі қабылданбады. Бірақ инвестордың қазақстандық кәсіпорын акционерлерінің құрамынан шығуына байланысты біз "АрселорМиттал Теміртау" атауын пайдалана алмаймыз. Мұнда қызметкерлердің пікірін ескеру маңызды болады», - деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер