Үкіметтің кінәсі жоқ деп айта алмаймыз – Тамара Дүйсенова

1860
Adyrna.kz Telegram
фото: El.kz
фото: El.kz

Қарағандыдағы апатқа Миттал кінәлі ме, жоқ әлде Үкіметтің салғырттығы себеп болды ма? Бұл сұраққа Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Журналист «Әлеуметтік желіде Лакшми Митталдың Германия мен Украинадағы компаниялары жоғары технологиямен жабдықталғанын жазып жатыр. Бірақ кейбір азаматтар Қарағандыдағы апатқа жаппай Митталды айыптап жатыр. Бұған Миттал кінәлі ме, жоқ әлде Үкіметтің салғырттығы себеп болды ма?» деген сұрақ қойды.

«Шахтаға қатысты стандарттың барлығы Миттал басқаратын компанияның алдына қойылған. Украинада дәл осындай жағдайлар болды. Германия және басқа да кеніштегі құрылғыларымен мен жеке танысқанмын. Енді барлық жерде керемет жасап қойды деп айта алмаймын. Соның ішінде біздің мәселеге олардың салғырттығы болған. Сондықтан да біз соңғы жылдары ол кісілерге өте қатты жұмыс орындары туралы ескерту бергенбіз. Оның ең негізгісі, біздегі жұмыс инсфекциясындағы ең бірінші мәселе - медициналық талдауды жасау болатын. Сондай-ақ дәл сондай құрылғыларды бізде қоюды талап етіп қойғанбыз. Соңғы 3 жылда 50 млрд бөліп, кезең-кезең бойынша біз айтқан құрылғыларды қоя бастады. Бірақ аталған компания біз айтқан талаптың бәрін орындады деп айта алмаймыз», – деді Тамара Дүйсенова.

Бұдан бөлек қайтадан «Апатқа байланысты Үкіметтің айыбы жоқ па?» деген сауал қойылғанда Тамара Қасымқызы «Үкіметтің кәнісі жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ бұл жерде компанияның кінәсі көбірек деп ойлаймын», - деп қысқа қайырды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер