ДАРИЯ ЕРҒАЗИНА: Жарық өшкенде, аппаратта жатқан сәбидің өмірі қыл үстінде тұрды...

1308
Adyrna.kz Telegram
Медицина саласында қызмет істейтін қызымның әңгімесі.
Ана жолы Астанада 10 минутқа жарық өшті. "Тәйірі, 10 минут та сөз болып па?" деуіңіз мүмкін.
Жарық жалп етіп өшкенде, жансақтау бөлімінде аппаратта жатқан сәбидің өмірі қыл үстінде тұрды.
Дәрігерлер мен медбикелер кезек-кезек балаға массаж жасап, аузына үрлеп, жасанды тыныс алдырды.
Жарық берілгенше, ақ халаттылар қара терге түсіп, ажалмен арпалысты. Ақыры нәрестенің өмірін сақтап қалды.
Сол кездегі олардың қуанышын көрсеңіз!
Бұл - бір ауруханадағы жағдай. Басқа ауруханада реанимацияда жатқандардың халін елестетудің өзі қорқынышты.

 

 

Пікірлер