Әлихан Смайылов кешірім сұрады

1258
Adyrna.kz Telegram
фото: GOV.KZ
фото: GOV.KZ

Премьер-министр Қарағанды шахтасындағы апатқа байланысты қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін премьер-министр шамамен жарты сағаттай журналистердің сұрағына жауап берді. Үкімет басшысыныа АрселорМиттал Теміртауда компаниясының Костенко шахтасындағы жарылыс, компанияның алдағы уақытта тағдыры не болатыны, шахташылардың айлығы, салық жөнінде бірнеше сұрақ қойылған. АМТ-ны қай инвестор алатынын атамады. Келісім құпия екенін, 30 қарашаға дейін инвестордың аты аталатынын айтты. Шахташылардың туған-туыстарынан кешірім сұрады.

"АрселорМиттал Теміртауға бюджет қаражаты салынбайды. Алдағы үш жылда инвестор ол кәсіпорынға 3 млрд доллар инвестиция салуы керек. Оның 1,3 млрд долларын бірден салғаны талап етіледі", – деді ол.

Пікірлер