Елімізде қазақтардың үлесі өсті

1694
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық статистикм бюросы қазақтардың үлесі 70,4% дейін өскенін анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтар саны 13,4 млн адамды құрады, 2009 жылдан бергі өсім – 33,7% (10 млн – 2009 ж.), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кірді.

Қазақстанда тағы қандай этностар тұрады.
Санақ қорытындысы бойынша еліміздегі этностар саны 124-ті құрады. Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чувандар бар.
Айта кетейік, 2021 жылғы санақ раундының сауалнамаларына ұлтты «көрсетпеу» жауап нұсқасы қосылған. Осылайша, 24,8 мың адам өз ұлтын көрсетуден бас тартқан. Сондай-ақ 2021 жылы санақ кезінде «басқа ұлт» жауабын таңдағандар 47,5 мың адамды құрады, ал 2009 жылы мұндай адамдардың 8-і болған, делінген ақпаратта.

Пікірлер