Алматы қаласының республика бойынша инвестиция тартудағы үлесі - 12,2 пайыз

1019
Adyrna.kz Telegram
9111.ru
9111.ru

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасында көзделген негізгі бағыттың бірі - инвестицияларды арттыру.

Үкімет пәрменіне мән берген Алматы қалалық әкімдігінде жоба шеңберінде негізделген басым бағыттар рет-ретімен орындалу үстінде.

Қазіргі таңда Алматы қаласының республика бойынша инвестиция тартаудағы үлесі -12,2 пайыз.

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегінше, 2023 жылдың 8 айында Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға 876,9 млрд теңге инвестиция тартылған.

«Пайдалану бағыттары бойынша негізгі салымдар жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияда болған, олардың үлесі 46,5%. Денсаулық сақтау – 4,1 есе, ақпарат пен байланыс – 36,3%-ға, тұру және тамақтану қызметі – 25,9%-ға өсті», - деп хабарлайды қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Алмалы, Алатау, Әуезов және Жетісу аудандары бойынша оң динамика байқалып отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 1,5 трлн теңгеге дейін артады.

Сондай-ақ, шаһарда іскерлік белсенділікте өте жоғары. Қала экономикасы басқармасының мәліметінше, аталған көрсеткіш бойынша Алматы қаласы елімізде көш бастап тұр. 2023 жылдың тамызында іскерлік белсенділік индексі 55,2% болды.

Жалпы белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15,5%-ға өсті.

Ресми деректерге сүйенсек, қалада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны биыл 1 тоқсанында 21%-ға, яғни 871,9 мың адамға дейін ұлғады.

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері осы жылдың 1 тоқсанында 14,1% өсіммен өнім шығарды, бұл 3 884,7 млрд теңге. Жетісу ауданында өнім шығару 6,3% төмендеген, ал барлық басқа ауданда өсім байқалады», - деп хабарлады кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Шағын бизнес қызметін жандандыру үшін Almaty Business аясында басым салаларды қолдаудың жаңа құралдары әзірленді.

2023 жылы ШОБ-тың ЖӨӨ-ге салымын 60%-ға дейін артады деп болжанып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 57,8% болды, деп қорытындылады қалалық әкімдік өкілі.

 

 

Пікірлер